Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атырау – Астрахань" пойызында бала өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Атырау-Астрахань" пойызында 13 жасар баланың өлімінен кейін комиссия құрылды, қылмыстық істі қозғалды. Бұл туралы Атырау облысының білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басқарма мәліметінше, 77 адамнан тұратын топ (4 топ тәлімгері, 73 бала) "Атырау-Астрахань" бағыты бойынша Железноводск қаласындағы "Қазақстан геологы" санаторийіне жіберілген болатын.

Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балалардың бірі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем Нарын станциясына жеткен. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын анықтады.

"Атырау облысының білім басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, жантүршігерлік оқиғаның барлық мән-жайын тексеретін комиссия құрды. Сондай-ақ топ жолға өздерімен бірге тамақ алғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарланды ведомствода.

Баланың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031527-atyrau-astraxan-poiyzynda-bala-oliminen-keiin-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel