jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Алматыдағы жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер болжауынша, бүгін, 8 тамыз күні Қазақстанның ірі қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Астанада күн ашық. Жел жылдамдығы секундына 7-12 м/с. Елордада күндіз ауа температурасы 28... 30 градусқа дейін көтерілсе, түнде 14... 16 градусқа төмендейді деп күтілуде.

Алматыда бүгін жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Оңтүстік астанада найзағай ойнайды, күндіз термометр 28... 30 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 18... 20 градусқа төмендейді. Жел жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкентте де күн жауын-шашынды және найзағай ойнайды. Күндіз термометр 31... 33 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 19... 21 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.