Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктелген БҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу аяқталды

Опубликовано:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, ол Аqjaiyq ӘКК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына заңға қайшы нұсқау беріп, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Нақтырақ айтқанда, ол жұмысты атқармастан өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын өзінің сенімді адамдарымен жасасуды бірінші орынбасарына тапсырған деген күдікке ілініп отыр.

"Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді. Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.

Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Антикорда Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны атап өтілді.

Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталғаны жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін жазған едік.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ", – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031628-bqo-akiminin-birinsi-orynbasary-zemqorlyqqa-bardy-dep-kudiktelude/

pixel