jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық": ертең еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болмақ

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер ертең, яғни 9 тамыз күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, сәрсенбі күні Қазақстанның кей өңірінде аптап ыстық сақталып, кей облыста найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер мәліметінше, ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің кей бөлігінде жаңбыр жауады. Сонымен қатар солтүстік пен батыста, шығыста найзағай ойнап, бұршақ пен дауылды жаңбыр жауады деп күтіледі. Ал Қазақстанның батысында мен оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, батыс өңірде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Ал Маңғыстау облысында 38-40 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде мен батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, Атыраудың батысында мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық": ертең еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.