Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада футбол қақпасы баланың үстіне құлады: мектеп директоры түсініктеме берді

Опубликовано:

Футбол қақпасы
Футбол қақпасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада №10 мектеп-гимназиясы аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап, ол алған жарақаттарынан көз жұмған болатын. Қайғылы оқиғаға қатысты мектеп директоры түсініктеме берді, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, аталмыш білім мекемесінің басшысы ондағы құрал-сайманның талапқа сай орнатылғанын айтқан. Ойын баласы футбол қақпасының торын тартып қалған кезде, таудай темірдің астында қалған көрінеді.

"Кешкісін бала осында келіп, футбол ойнайды. Бірге ойнаған балалар да көрген. Жедел жәрдем көлігі келді. Дәрігерлер келгенше, мектеп күзетшісі алғашқы көмек көрсеткен. Тергеушілер де келді", – дейді №10 мектеп-гимназиясының директоры Бақытжан Орынбаев.  

Айта кетейік, осыған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін үкімет кулуарында қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Кешеден бері Білім басқармасына Астанадағы ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі мектептердің спорт алаңын тексеру тапсырылды", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031737-astanada-futbol-qaqpasy-balanyn-ustine-qulady-mektep-direktory-tusinikteme-berdi/

pixel