Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл тұрғындары сүрілгелі жатқан үйін әділ бағалауын сұрап, әкімдікке келді

Опубликовано:

Көкөзек ауылы
Көкөзек ауылы. Видеодан кадр: Алматы арнасы

Алматы облысындағы Көкөзек ауылында магистральды газ құбырын тарту жоспарланып отыр, сондықтан 100 шақты үй сүріледі. Бұған наразы тұрғындар Қонаев қаласындағы облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Қарасай ауданының азаматтары жер телімінің әділ бағалануын сұрайды, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, ауыл тұрғындары жер телімдерінің нарықтағы бағамен бағалануын талап етіп отыр. Бұған дейін олар арызын арқалап, Қарасай ауданына сан мәрте барған. Бірақ мәселе шешілмеген.

"Алты ай бұрын жерімізді үкімет өз меншігіне алатынын айтты. Бірақ бізде үйдің сүрілетіні жөнінде құжат жоқ. Сыртымыздан жердің бағасын шығарып қойыпты. Ең төменгі баға 6-7-8 сотық жер  бір жарым миллион теңге болып тұр", – дейді Көкөзек ауылының тұрғыны Нигара Рузиева.

Телеарна мәліметінше, сала мамандары мекеменің бас кеңсесіне келіссөзге келуге шақырған, алайда біржақты мәмілеге келу мүмкін болмады.

Ал облыс әкімінің орынбасары жер сатылымына байланысты заңсыздық анықталса, мемлекеттік қызметкердің қатаң жазаланатынын айтады. Бірақ алдымен тексеріс жүргізеді.

"2014 жылы Алматы-Талғар - Байсерке газ жүйесі құбыры салынған. Оның қорғау аймағы - 150 метр. Бүгінгі күні адамдардың қауіпсіздігі үшін сол маңдағы тұрғын үйлерді қорғау аймағына босатамыз. Тұрғындар өтінішін қарап, бағалау жұмысын қайтадан жүргізетін боламыз. Ол қырық күн алады", – дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031754-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-surilgeli-zatqan-uiin-adil-bagalauyn-surap-akimdikke-keldi/

pixel