Синоптиктер: Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық басылады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлдағы күндері – 10-12 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық басылады. Сондай-ақ жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында.
Синоптиктер уәде еткендей, ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық салқын ауа әсер ететін болады.
Десе де елдің оңтүстігі мен шығысы сол күйі Оңтүстік циклонның ықпалында болады.
Екі ауа массасының қосылуы салдарынан фронтальды бөліктер шиеленісуі мүмкін. Нәтижесінде батыс облыстарды қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.
Найзағай кезінде жел екпіні тағы да күшейе түсуі ықтимал.
Аптап ыстық тек еліміздің батыс өңірлерінде сақталады, деп қосты метеорологиялық қызмет мамандары.
Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысып, кей жерлерде 40 градусқа дейін аптап ыстық болды - синоптиктер өрт қаупі барын ескертті.
Сондай-ақ, сейсенбі, 8 тамызда Алматыда қатты жаңбыр жауып – ауа райының қолайсыздығынан жолдарды су басқан еді.
Ал одан бір күн бұрын Астанада қатты жауын-шашын болып, тұрғындар жаңбыр суына көліктердің батып жатқан сәтінен видеоларды желіде жарыса жариялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031823-sinoptikter-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aptap-ystyq-basylady/