Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күн жабық тұрады

Опубликовано:

Жол жөндеу11
Көрнекі фото: pixabay.com

11 тамызға дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылының солтүстік бетінде Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі бөлікте жол толық жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы Almaty_joly арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Солтүстік бетінде Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс ашық.

9 тамыз сағат 23:00-ден 11 тамыз 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі жол жабылады.

9 тамыз сағат 23:00 мен 11 тамыз сағат 7:00 аралығында Розыбакиев көшесінен батыс бағытта бұрылыс, Әл-Фараби даңғылынан Науаи көшесіне солтүстік бағытта бұрылыста көлік қозғалысы шектеледі.

А️л 11 тамыз түнгі сағат 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының батыс бағыты (Гагарин даңғылынан бастап) толық жабық болады.

10 тамыз сағат 07:00 мен сағат 00:00 аралығында Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейін оңтүстік бетінде реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Қала әкімдігі реверсивті көлік қозғалысы кезінде жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленетінін мәлім етті. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.

Әл-Фараби даңғылының батыс және шығыс беттеріндегі қозғалыс жолақтарының санын полиция қызметкерлері жол қозғалысы жағдайына байланысты айқындайды.

Жөндеу жұмыстарына байланысты бұл бөлікті Торайғыров, Науаи және Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031900-almatyda-al-farabi-dangylynyn-bir-boligi-eki-kun-zabyq-turady/

pixel