jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қызылордада лагерьдегі балаларға берілетін тамақ ескі әжетханада сақталған

жазғы лагерь
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған. Бұл кемшілікті прокурорлар Шиелі ауданындағы "Сыр ұланы" лагерін тексеру барысында анықтады. Кезінде әжетхана болған бөлме бүгінде шағын қоймаға айналған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ал Қазалы ауданындағы "Шағала" лагерінде балалар лас суға шомылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін асханада тамақтанған. Сырдария ауданында орналасқан "Жалын" демалыс орынының тынығушылары да лас төсек-жабдықтарын пайдаланып келген.

"Жекелеген лагерлердің жағдайы нашар. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың қорытындыларымен тиісті шаралар қабылданатын болады", - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Әділ Есқараев.

Ал Қостанай облысындағы жазғы демалыс орындарында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері анықталды. Лагерь аумағында жарақат алу қаупі жоғары жерлер бар. Ал шайындыларды зерттеу нәтижесі ішек таяқшасы тобының бактериялары болғанын көрсетіпті. Тіпті лагерьдің біріндегі әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылған. Тіпті лагерь ғимаратында сауна болған.

"Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша 6-7 тамыз күні саунаны бұзу жұмыстары басталған. Балалар тамақтанатын орын мен сауна бір ғимаратта орналасқан. Тексеріс барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура тиісті шара қолданады", - деді Қостанай облысы қоғамдық мүддені қорғау басқармасының прокуоры Нұрсұлтан Сатыбалдин.

Қызылордада лагерьдегі балаларға берілетін тамақ ескі әжетханада сақталған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.