jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"COVID-19 салдары": ДСМ елімізде қызылша ауруының өршу себептерін атады

Медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қызылша ауруының өршу себебі неде екенін айтты – ол қызылша ауруы әлем бойынша өршіп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Биыл біз қызылша ауруымен ауырғандардың саны өскенін байқадық – жыл басынан бері 3 мыңға жуық жағдай тіркелді, бірақ бұл жағдай тек Қазақстанда орын алған жоқ, дүние жүзі бойынша тіркелген.

Үш жыл бойы COVID-19 өршіген кезде балалардың қызылшаға қарсы екпені қабылдау жұмысында ақаулық кетуі мүмкін. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, өткен жылы әлем бойынша 40 миллионнан астам бала жоспарлы екпе алмаған", деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Оның сөзінше, қызылшаға қарсы екпесі жоқ адам сырқат адаммен араласса, бұл ауруды 100 пайыз жұқтырып алуы мүмкін.

"Қызылшаға қарсы вакцина уақытында қабылданбаса, адамның иммундық жүйесі әлсірейді, яғни инфекцияны жұқтырған балалар оны одан әрі таратуы мүмкін.

Қызылша туралы айтатын болсақ, бұл — өте жұқпалы ауру, яғни екпе алмаған адам қызылшамен ауыратын науқаспен араласса, оның инфекцияны жұқтыру қаупі 100 пайызға дейін артуы мүмкін", – деді спикер.

"COVID-19 салдары": ДСМ елімізде қызылша ауруының өршу себептерін атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.