Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай қиын": Қазақстанның оңтүстігі Қырғызстаннан келетін суармалы сусыз қалды

Опубликовано:

Құбыр
Құбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин суармалы су мәселесі өршіп тұрған Жамбыл облысына іссапармен келді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, биылғы жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн метр кубты құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 144,8 млн метр кубке аз (177,28 млн метр куб). Талас өзеніндегі су Киров су қоймасына ақпайды десе болады.

"Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен "Жамбыл ГРЭС" АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 метр куб/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасын экологиялық тұрғыда өткізу қарастырылып отыр", делінген хабарламада.

Сондай-ақ Талас өзенінің арнасына судың келуін ұлғайту мақсатында "Қазсушар" РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың келуін 5-тен 8 метр куб/секнудке дейін арттыруға және егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырылғанның өзінде 7,26 метр куб/сек құрайды.

Қазір Таластағы су айналымы арқылы Жамбыл және Байзақ аудандарына су келуде, Талас ауданы толығымен суармалы сусыз қалып отыр.

Байзақ, Талас және т.б. Жамбыл аудандарында қазір суармалы су тапшылығы байқалуда. Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр.

Қордай ауданы мен Меркі ауданын сумен қамтамасыз ету Шу өзенінің бассейні арқылы мүмкін болып отыр.

"Биылғы жылы сумен қамтамасыз етудегі негізгі проблема Қордай ауданының ГМК каналы бойынша туындаған, оның сумен қамтамасыз ету аймағы 28 мың гектар жер болатын. Тамыз айында бұл арнаға қажет су мөлшері 14 метр куб/сек құрады, алайда оның орнына тек 7-ден 6 метр куб/сек-ке дейінгі мөлшерде су беріліп отырды. Сол арада шығын 6,7 метр куб/сек құрады және мұндай шығын жағдайында 60 шақырымға су бөлуді реттеу мүмкін емес", деп түсіндірді министрлікте.

Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округі (шамамен 5 мың га) суармалы судан ажыратылып отыр.

Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су соңғы 4-5 жыл ішінде келіп түскен жоқ. Салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сондықтан филиал ЗБЧК арнасын ішкі су көздерінен, яғни Аспара және Меркі өзенінен толтырып келген.

"Сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жағдай қиын екенін ескере отырып аталған аудандарда премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды.

Комиссия 18-20 шілде аралығында Қордай, Байзақ және Талас ауданының суармалы егіс алқаптарын визуалды тексеретін болады", - дейді министрлікте.

Ведомство ақпаратынша, жалпы визуалды тексеру нәтижесінде Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты егістіктер зардап шеккені анықталды.

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

"Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтеріп келеміз", деп атап өтті вице-министр өңір өкілдерімен кездесу барысында.

Ведомствода су тұтынушыларының саны артып келе жатқандықтан, егістік алқаптарына тексеріс жүргізілетіні айтылды.

"Бүгінде "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалында пилоттық жоба шеңберінде "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-мен бірлесіп, келесі вегетациялық кезеңде қолда бар егістік алқаптарына су берудің қажетті көлемін есептеу үшін егістіктің нақты картасын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп қорытындылады ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032108-zagdai-qiyn-qazaqstannyn-ontustigi-qyrgyzstannan-keletin-suarmaly-susyz-qaldy/

pixel