jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Бұршақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Астана мен Алматыда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

12 тамызда елордада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +10...+12 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.

Сенбіде Алматыда күн бұлтты, күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Кейде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік астанада түнде +19...+20 градус, күндіз +26...+28 градус жылы болмақ.

Бүгін Шымкентте күн ашық болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с жетуі мүмкін. Түнде +18...+20 градус, күндіз +29...+31 градус жылы болады деп болжануда.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.