Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоймадағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушінің қызы өмірге келді (видео)

Опубликовано:

Азат Темірбаев
Азат Темірбаев. Фото: ТЖМ

Алматының Жетісу ауданындағы ірі өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірінің қызы дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты құтқарушының әріптестері ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.

"Алматыдағы ірі өртті жою кезінде №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Темірбаев Азаттың қызы дүниеге келді. Бұл қазір көп балалы отбасындағы төртінші бала. Үлкен ұлдары 15 және 11 жаста, қызы 8 жаста", - делінген хабарламада.

Бүгінгі өртті сөндірудің үш учаскесінің бірін басқарған өрт сөндіруші қызметте 21 жыл жұмыс істеп келеді. Ол ірі өрттерді жоюға қатысып, ондаған адамның өмірін сақтап қалған.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенген болатын.

Өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032239-almatyda-qoimadagy-ortti-sondiru-kezinde-ort-sondirusinin-qyzy-omirge-keldi-video/

pixel