Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер: Алдағы күндері елімізде күн күркіреп, жел күшейеді

Опубликовано:

Бұлт
Үйірілген бұлт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынатынына қарамастан, көптеген өңірде жаңбыр жауып, жел күшейе түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, 15-17 тамыз аралығында Қазақстанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Көптеген ауданда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Алайда оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Осылайша республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Тек батыс аймақтарда аптап ыстық аздап басылатын болады.

Қатты жел кезінде не істеу керек?

Өңірлік ТЖД ресми сайтында хабарланғандай, дауылды желдер жиі кездесетін табиғи апаттардың бірі болып табылады.

Дауыл жел (24 м/с дейін) ағаштарды құлатып, электр желілерін үзуі мүмкін. Сондықтан қатты жел кезінде қауіпсіздіктің жалпы шараларын білу маңызды.

Үйде немесе пәтерде болсаңыз:

  • барлық желдеткіш пен терезені жабыңыз;
  • қатты желде терезелерден алыс тұрғаныңыз жөн.

Сыртта болсаңыз:

  • подъезде немесе берік ғимаратта жасырыныңыз;
  • үй қабырғаларының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, билбордтардың қасында, ағаштардың түбінде, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында тұрмаңыз;
  • үзілген сымдарға, тербеліп тұрған жол белгілеріне және т.б. жақындамаңыз;
  • шіріген, ескі, жалғыз ағаштардан аулақ болыңыз.

Қатты жел кезінде ағаштардың, билбордтардың немесе электр сымдарының астына көлікті қоюға болмайтынын есте ұстаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032382-sinoptikter-aldagy-kunderi-elimizde-kun-kurkirep-zel-kuseiedi/

pixel