Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан өңірлерінің бірінде қар жауды (фото)

Опубликовано:

Қар
Қар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін, 14 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. Қар таңғы уақытта Белуха тауының маңында жауған. Бұл жайттың фотолары Altay-pro лагерінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қайырлы таң! Соңғы 10 жылда мұндай мезгілде қар жауғаны есімізде жоқ. Біз Белуханың етегінде алғашқы қардың куәсі болдық", - делінген жарияланған суреттің астында.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтілген. 15 тамызда күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 14 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болуы мүмкін ескерткен еді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжануда.

Сонымен қатар бүгін таулы аймақтарда синоптиктер желдің күші 15-20 м/с-ке, кейде 23-28 м/с-ке дейін жетеді деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032408-qazaqstan-onirlerinin-birinde-qar-zaudy-foto/

pixel