Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да төрт жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды

Опубликовано:

Олег Мадей
Олег Мадей. Фото: Instagram / @volontery_almaty_lider.kz

2019 жылдың 31 тамызында жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі Солтүстік Қазақстан облысындағы орманда жергілікті тұрғындар жидек теріп жүрген кезде табылған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

Еріктілер мәліметінше, 1960 жылы 12 наурызда туған Олег Мадей 2019 жылдың 31 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен. Бүгінде шамамен 4 жылдан кейін ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінде 3 шілдеде Налобино ауылының маңындағы орманда жергілікті тұрғындар жидек теріп жүрген кезде адам қаңқасын тапқаны атап өтілді. Табылған адам сүйектерінің сараптамасы жүргізілді.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, орманнан табылған адам қаңқасы 2019 жылдың 31 тамызында үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі оралмаған Налобино ауылының 1960 жылғы тұрғынына тиесілі.

Полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздестіру шараларын жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032499-sqo-da-tort-zyl-buryn-zogalyp-ketken-er-adamnyn-denesi-ormannan-tabyldy/

pixel