Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Опубликовано:

Сандуғаш Дүйсенова
Сандуғаш Дүйсенова. Фото: facebook.com/Сандугаш Дуйсенова

Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

"Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша Қылмыстық іс қозғалғаны белгілі (Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі).

2023 жылғы 14 тамызда Дүйсенованы Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылдаған.

Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сай, бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді заңсыз тарату салдарынан адам құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

"Алайда тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ", - делінген прокуратура түсіндірмесінде.

Осыған байланысты Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылған (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы).

"Бұл ретте, егер әрекетте қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет белгілері болмаса, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделген.

Сондықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, материалдар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданды", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда белсенді, журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталғаны туралы жазған едік.

Полиция мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша қозғалған іс бойынша фигурант болып саналған. Бұл бапта жеке адамның өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Кейін босап шыққан журналист полицейлер заңсыз әрекетке барғанын, яғни бөлімшеде өзін шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді.

Бұған қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Сондай-ақ ІІМ полицейлер Сандуғаш Дүйсенованы тінту кезінде не үшін шешіндіріп, видеоға түсіргенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032568-zetisu-prokuraturasy-sandugas-duisenovaga-qatysty-qylmystyq-is-toqtatyldy/

pixel