jitsu gif

Үлкен келіні жетпіске жақындаған: Түркістан облысында 108 жастағы әжей өмір сүріп жатыр

Азиза Сердалиева үлкен келіні Несібелімен
Азиза Сердалиева үлкен келіні Несібелімен. Скриншот: "Түркістан" арнасы

Мақтарал ауданының Атакент ауылында 108 жастағы әжей тұрады. Бұл туралы "Түркістан" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Ғасырдан да ұзақ жасаған әжейдің 8 баласынан 48 немере, 70 шөбере және 35 шөпшек тараған.

Тыл ардагері Азиза Сердалиева 1915 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында дүниеге келіп, Мырзашөл ауылына келін боп түседі. Ерімен екеуі көп жылдар бойы мақта зауытында еңбек еткен.

Ал әжейдің тұңғыш келінінің өзі 70-ке жақындаған. Несібелі Сердалиева осыдан 53 жыл бұрын Азиза әжейге келін боп түскен.

"Мақта зауытында еңбек етті. Кейін ол зауыт құрып кетті ғой. Мен келгенде жас-жас, 45 жаста еді", - дейді әжейдің үлкен келіні.

Немерелерінің айтуынша, Азиза әжей қайратты шағында ұзатылған қыздарының жасауын түгелдей өз қолымен жасаған.

"Құрақ көрпе тігіп, кілем тоқитын еді. Киім тігіп, тоқыма жасайтын. Қыздары тұрмысқа шыққанда, кілем тоқып, киіз басатын", - дейді әжейдің немересі Гүлнар Сердалиева.

Бүгінде әжейдің кіші келіні қос бірдей немересінің көңілін тауып отыр. Ол ұлдарына: "Болашақ келіндерге бір емес, үш ене барын айтыңдар", - деп ескертіп қойған.

"Қара шаңыраққа келгеніме 19 жыл толды. Апам мен әжемнің тәрбиесін алып, өсіп-өніп келеміз. Бес перзентім бар. Осыларды өсіруге екі енемнің еңбегі сіңді, өсіріп берді. Өзіміз қызметтеміз", - дейді кенже келіні Нұргүл Сердалиева.

Кейуана бертінге дейін үй шаруасына араласып, саяси науқандарда өз таңдауын жасап келген.

Үлкен келіні жетпіске жақындаған: Түркістан облысында 108 жастағы әжей өмір сүріп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.