jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматының әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әл-Фараби даңғылындағы орташа жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, биылғы орташа жол жөндеу жұмыстары бойынша жоспарға әл-Фараби даңғылы енгізілген. Ол Достық даңғылынан Асқаров көшесіне дейін созылады, жалпы ұзындығы 9 шақырымнан асады.

Ведомство бұған дейін бұл учаскедегі орташа жол жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілгенін атап өтті.

Кемшіліктерді анықтау мақсатында тексеріс жүргізілді.

"Осылайша биылғы жылдың шілде айында орташа жол жөндеу жұмыстары басталып, 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған болатын. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жұмыс түнде жүргізілген. Бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Соның арқасында орташа жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын – 16 тамызда аяқталды" – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сондай-ақ ведомствода жаяу жүргіншілер жолын да орташа жөндеуден өткізілетінін атап өтті. Оны 31 тамызға дейін аяқтауды жоспарланып отыр.

Алматының әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.