Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қайта қалпына келтіру жұмысы барысында Ленин ескерткіші құлады (видео)

Опубликовано:

ШҚО-да құлаған ескерткіш
ШҚО-да құлаған ескерткіш. Видеодан кадр: Instagram / @gde_novosti_uka

Әлеуметтік желіде Владимир Ильич Лениннің құрметіне орай құрылған ескерткіштің құлаған видеосы пайда болды. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың бірінде қайта жөндеу жұмысы кезінде болған. Жергілікті әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Ленин ескерткішінің құлаған видеосы gde_novosti_uka Instagram парақшасында жарияланған. Ескерткіш Шығыс Қазақстан облысында Алтайдағы орталық алаңда орнатылған.

YK-news.kz хабарлауынша, 15 тамызда қалада орталық алаңды абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Жөндеу жұмыстары бойынша жоспарға Ленин ескерткіші тұғырының гранит плиталарын қалпына келтіру жұмыстары да енгізілген болатын.

Мердігердің айтуынша, жұмыс барысында ескерткіш өз-өзінен құлаған. Оқиғаға қатысты Алтай өңірінің әкімдігінде түсініктеме берілді.

"Әлеуметтік желіде жөндеу жұмыстары кезінде жүк көтергіш ескерткішті жылжытып жіберіп, салдарынан ол тұғырдан құлап кеткенінің видеосы тарап жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – делінген хабарламада.

Ескерткіш құлаған кезде мүсіннің білегі сынып қалғаны атап өтілді, бірақ мүсінге үлкен зияны тиген жоқ. Бұл ретте жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер компания мүсінді жөндеп, қайта орнына қоятынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033070-sqo-da-qaita-qalpyna-keltiru-zumysy-barysynda-lenin-eskertkisi-qulady-video/

pixel