Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл 28 мыңнан астам студент жатақханасыз қалуы мүмкін

Опубликовано:

Жатақхана
Жатақхана. Фото: atr.kz

Биыл 28 мыңнан аса студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Орын әсіресе Алматы мен Астана қаласында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Абай, Түркістан облысында тапшы, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, елордада 15 мыңнан астам орын тапшылығы бар. Бұл мәселені 15 маңдайалды оқу ордасы шешеміз деп отыр. Егер талапкерлер қаладағы 53 жатақханаға сыймаса, онда меморандум арқылы қосымша орын тауып бермек. Әзірге жауапты министрлік Астанадағы 30-ға жуық хостелмен келісімшарт жасасты. Жатақхана тапшылығы 3 мың орынға азайып отыр.

Сонымен қатар "КТК" арнасының айтуынша, биыл грант иегерлерінің саны едәуір көп. Олардың елордаға ағылатыны да белгілі. Бұл қатарда ақылы оқуға түскендер де бар. Демек меморандум аясындағы бұл жұмыстар толық сұранысты өтей алмай жатыр.

"Аграрлық университеттің өзі 4 инвестормен меморандумға отырып, оқу жылының басына дейін 4 жатақхананы іске қосып жатыр. Қазіргі уақытта әкімдіктің инвесторлар фронт офисінің жұмыстарымен 1658 адамдық жатақханалар іске қосылайын деп жатыр. Меморандумға отырған күннің өзінде жатақхана жетіспеушілігі мәселесі бар", - деді Астана қаласы бойынша студенттік омбудсмен Аружан Бақытова.

Сондай-ақ арна мәліметінше, білім іздеп, құжаттарын қолтығына қысып келген студенттер сенделіп далада қалмас үшін білім ордалары қонып шығатын орындар дайындап қойған. "Ахуал орталығы" паналайтын жер таппай қалғандар үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.

"Бұл орталық яғни әр студент үшін бір күнге рұқсат берілген. Бұл жерде университетке құжаттарын тапсырып біткенше осы жерде бір түн қонып шығуға жағдай жасалған. Біз қазіргі таңда тапсырыс бойынша 10 адамға орын дайындап отырмыз. 5 қыз, 5 ұлғағ яғни 10 адамға ахуалдық орталықтың орыны дайын", - деді Университеттің студенттер үйлері дирекциясының директоры Мерей Шаменов.

Арна мәліметінше, ғылым және жоғары білім министрлігі барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес дейді. Жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 134 мың болса, соның 106 мыңы жатын орынмен қамтылады екен. Ал қалғанына хостелдер мен қонақүйлерде орын ұсынылады.

"Бүгінде біз Республикада 28 мың орынға тапшылық болады деген болжам жасап отырмыз. Оның ішінде ең үлкен қажеттілік Алматы қаласында болады деген болжам бар. Хостелдардың әрі қарай да саны артуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта жұмыс, қатып қалған сан жоқ, әрі қарай бұл сан өзгеруі мүмкін.

Сосын кейбір жастар үй жалдап, пәтер жалдап тұрамыз деген балалар мен студенттер бар. Сондықтан құжаттар қазір жатақханадан орын беру үшін құжаттар әлі қабылдану үстінде", - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033106-biyl-28-mynnan-astam-student-zataqxanasyz-qaluy-mumkin/

pixel