Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мешіт маңындағы жол белгісін елемеген ондаған көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірінен айырылды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алуда
Полиция қызметкері көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алуда. Фото: cts.gov.kz

Елордадағы "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасы маңында тоқтауға тыйым салынған жол белгісін елемеген ондаған көлік жүргізушісінің мемлекеттік нөмірі тәркіленген. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы ресми сайтында хабарлады.

Компания мәліметінше, "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіру әрекетін анықтау мақсатында CTS көліктік бақылау департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тамыздан бері рейд өткізіп жатыр.

Компания өкілдерінің түсіндіруінше, Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін "Аялдама, тұраққа тыйым салынады" жол белгісі бар.

"Оны елемей, көлік құралдарының жүргізушілері жеке және қызметтік көліктерді жол бойында қалдырады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысын қиындатады", - дейді компания өкілдері.

CTS-тің хабарлауынша, полициямен бірлескен жұмыс нәтижесінде 80 көлік иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілген, 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылған, сондай-ақ 30 автокөліктің мемлекеттік нөмірі тәркіленген.

"Автокөлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйластық танытуға шақырамыз", - дейді компания өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық полицейлер қаладағы "Әзірет Сұлтан мешіті" маңындағы аялдамада бақылауды күшейткенін, жүргізушілерді мешіт аялдамасының маңындағы жолдың бойында көліктерді қалдырмауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033126-astanadagy-mesit-manyndagy-zol-belgisin-elemegen-ondagan-kolik-zurgizusisi-memlekettik-nomirinen-aiyryldy/