Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LRT құрылысына байланысты Астана көшелерінің бірі қарашаның соңына дейін жабылады

Опубликовано:

LRT тіреуіштері
LRT тіреуіштері: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жұма, 25 тамыздан бастап Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі толығымен жабылады. Өйткені бұл жерде LRT монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары басталады, деп хабарлайды CTS компаниясы Instagram-дағы ресми парақшасында.

CTS компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады. Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі", - делінген хабарламада.

Компания ақпаратынша, шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

"Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабардар етті компания өкілдері астаналықтарға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033280-lrt-qurylysyna-bailanysty-astana-koselerinin-biri-qarasanyn-sonyna-deiin-zabylady/

pixel