Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалды (видео)

Опубликовано:

Жолдағы жүк көліктері
Жолдағы көліктер. Видеодан кадр: 24.kg

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Тілек – автожол" бақылау-өткізу бекетінің алдында 430-ға жуық жүк көлігі тоқтап қалып, кептеліс пайда болды. Жағдайды Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі түсіндірді.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасаған "24.kg" агенттігінің хабарлауынша, Шу облысындағы "Ақ-Тілек-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде сейсенбіде сағат 12:00-де Қырғызстаннан шығу үшін 430-ға жуық көлік тоқтаған. Кеше Қазақстаннан Қырғызстанға 274 көлік жол тартты.

"ҰҚК Шекара қызметі шектеу қойған жоқ, бақылау-өткізу бекеті күнделікті жұмыс істейді", - деп жазды басылым.

Еске салайық, шілде айының соңында қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі тіркелген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт бақылау бекетіндегі жүйелердің бірі істен шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033504-qyrgyzstan-men-qazaqstan-sekarasynda-400-den-astam-zuk-koligi-kepteliste-toqtap-qaldy-video/

pixel