Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанмен шекарада жүздеген жүк көлігі кептелісіне қатысты Қаржы министрі пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жолдағы жүк көліктері
Жолдағы жүк көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қырғызстанмен шекарадағы жүк көліктерінің тоқтап қалып, кептеліс туғызғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Қырғызстанмен шекарада 370-тен астам жүк көлігі тұрып қалғанын атап өтті. Олар жағдайдың немен байланысты екенін түсіндіруді сұрады.

"Ол жерде кеден жоқ, бұл - ЕАЭО-ның ішкі шекарасы. Менің білуімше, есірткіні тәркілеу операциясы болған, сондықтан қазір шекара қызметі мен ҰҚК мұқият тексеру жүргізуде", - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев

Оның айтуынша, коммерциялық жүктерге қатысты талаптар болмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ешқандай шектеу қойылмағанын, бақылау-өткізу бекетінің күнделікті жұмыс істейтінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033515-qyrgyzstanmen-sekarada-zuzdegen-zuk-koligi-keptelisine-qatysty-qarzy-ministri-pikir-bildirdi/