jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Желіде "Сергек" камераларындағы ақпарат Қытайға жіберіледі деген ақпарат тарады

"Сергек" камералары
"Сергек" камералары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде "Сергек" көше камералары қазақстандықтар туралы ақпаратты Қытайға жіберетіні туралы ақпарат тарады. Ақпараттың анық-қанығын тексеру үшін Stopfake сайты жауапты мекемелерден пікір алған.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың жазуынша, бұл шындыққа жанаспайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен жұмыс алгоритмдерін толығымен қазақстандық IT мамандар жасаған. Бұл бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер - "Көркем Телеком" компаниясы.

Сайт дерегінше, 2021 жылы аталған компанияның басқарма төрағасы Әсет Ахметов халықтың қауіпсіздігіне байланысты IT-шешімдердің егеменді болуы аса маңызды екенін айтқан.

Sergek Group баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stopfake хабарлауынша, "Сергек" камералары жинаған деректер басқа елдерге берілмейді.

"Сергек" қоғамдық қауіпсіздік жүйесі камераларынан алынған деректер 30 күн, ал Жол қозғалысы ережелері бұзылғаны туралы деректер қазақстандық серверлерде мерзімсіз сақталады. Деректер құқық қорғау органдары үшін қол жетімді. "Сергек" камераларындағы деректерді шетелдегі үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес", – деп жауап берген компания.

Желіде "Сергек" камераларындағы ақпарат Қытайға жіберіледі деген ақпарат тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.