Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі
Жарияланған күні:
Синоптиктер бүгін, 23 тамызда ауа райы болжамы бойынша Қазақстанның үш ірі қаласында аптап ыстық күтіледі деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада жауын-шашын күтілмейді, бірақ көшпелі бұлт шығады. Елордада күндіз ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін көтерілсе, түнде +17...+19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады деп күтілуде.
Синоптиктер 23 тамызда Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжады. Күндіз термометр көрсеткіші +32...+34, түнде +18...+20 градусты көрсетеді. Оңтістік астанада күндіз жел жылдамдығы 0-5 м/с болады.
Сәрсенбіде Шымкентте аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +35 ... +37 градусқа дейін көтерілсе, түнде мегаполисте аздап салқындап, темометр +20 ... +22 градусты көрсетеді. Қалада бүгін желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033557-bugin-qazaqstannyn-megapolisterinin-birinde-37-gradusqa-deiin-qatty-ystyq-kutiledi/