jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тәтті салатын қораппен құмырсқаларды Италиядан Қазақстанға заңсыз өткізбек болған (фото)

Түтіктегі құмырсқа
Түтіктегі құмырсқа. Фото: Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Алматы әуежайында Италиядан келген сәлемдемеден кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер салынған 7 түтік пен 22 пластик ыдыс табылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 түтік пен 22 пластикалық контейнер тапқан.

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21.04.2015 жылғы №30 шешімінің 2.6-тармағына сәйкес 01-топқа жататын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді", - делінген хабарламада.

Қораптағы жәндіктер
Қораптағы жәндіктер. Фото: Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Мемлекттік кірістер департаменті қызметкерлері елге құжатсыз тірі жәндіктерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті.

Ведомство аталған факті бойынша материалдар уәкілетті мемлекеттік органға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданғанын атап өтті.

Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қос мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты негізде бақылау жүргізілетінін еске салады.

Тәтті салатын қораппен құмырсқаларды Италиядан Қазақстанға заңсыз өткізбек болған (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.