Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде АИ-95 маркалы бензин 385 теңгеге дейін қымбаттады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматылықтарды қаланың кейбір жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95 бензинінің бағасы таң қалдырды. Осыған байланысты жанар-жағармай бағасы да қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматылық көлік жүргізушілер "Газпромнефть" компаниясына қарасты кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінің ақпараттық таблоидтарында АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі 385 теңгеге жеткенін байқады.
Бұл ретте АИ-92 бензинінің бір литрі 205 теңгеден, дизель отыны 295 теңгеден сатылуда.
Сондай-ақ кейбір басқа компаниялардың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің тұрақты бағасы бар: Helios-та литріне – 252 теңге, Royal Petrol-да литріне – 250 теңге.
Баға ненің салдарынан көтерілді
"Газпромнефть" жанармай құю бекетіндегі қызметкерлердің бірі NUR.KZ тілшісіне түсіндіруінше, бағаның көтерілуі АИ-95 маркалы бензинінің құрамына, дәлірек айтсақ, жанармайдың G-Drive деп аталатын нұсқасына байланысты.
Аталған бензиндегі G-Drive жанармайы Ресейдің Омбы қаласынан әкелінген, сондықтан оның бағасы жоғарылаған. Бірақ G-Drive жанармайы бітіп, жергілікті өндірілген бензин жанармай құю бекеттеріне жеткізілген соң баға қайта түсуі мүмкін деген болжам бар.
Бұл ретте компанияның жанармай құю бекетінде АИ-95 маркалы бензиннің кәдімгі нұсқасы жоқ екені атап өтілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033627-almatydagy-zanarmai-quyu-beketterinin-birinde-ai-95-markaly-benzin-385-tengege-deiin-qymbattady/