jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Таразда жалаңаш ер адамның соңынан жүгірген полицейлер видеоға түсіп қалды

Жалаңаш ер адамды қуып бара жатқан полиция қызметкерлері
Жалаңаш ер адамды қуып бара жатқан полиция қызметкерлері. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Желіде Тараз көшелерінде жалаңаш күйде жүгіріп бара жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеодан оның артынан полицейлердің қуып келе жатқанын көруге болады. Бейнежазбаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Таразда бүгін +35 градус ыстық", - делінген желіде тараған видео сипаттамасында.

Жарияланған видеодан жалаңаш ер адамның жолдың қақ ортасында жүгіріп бара жатқанын, ал соңынан екі полиция қызметкерінің қуып келе жатқанын байқауға болады.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт бүгін емес, екі ай бұрын болған.

"Азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарда етті ведомстводан.

Таразда жалаңаш ер адамның соңынан жүгірген полицейлер видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.