Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей әкімі белгілі сәулетші Роман Шнайдерман қаладағы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру туралы әңгімелесті

Опубликовано:

Қоғамдық орындарды жақсарту
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей әкімі әкімі Нұрбол Нұрсағатов ландшафт дизайнері, сәулетші Роман Шнайдерманмен бірлесіп Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысын тексерді.

Роман Шнайдерман - белгілі ландшафт сәулетшісі. Ол Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Тараз және еліміздің басқа қалаларын абаттандыруға бағытталған жобаларды әзірлеген.

Ол Алматыдағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, Астанадағы ботаникалық бақты, сондай-ақ Түркістанның жаңартылған орталығын абаттандыру жұмыстарын жүргізген.

Роман Шнайдер қазіргі таңда Семейдегі Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелерінде жасалып жатқан қоғамдық кеңістіктер дизайнының авторы. Семей қаласы 25 жылдан кейін облыс орталғы мәртебесін алғаннан кейін, ол өз авторлық сызбасын семейліктерге сыйға тартуды ұйғарған.

Роман Шнайдердің қала басшылығымен құрылыс барысын тексеру кезінде Жамақаев және Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық орындарды көгалдандыру, барлық тұрғын үшін жайлы демалыс аймақтарын жайластыру және жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысына жағдай жасау мәселелері қаралды.

"Көктемде облыс және қала басшылығының шақыруымен іске кірістім. Ең алдымен, біз қала тұрғындарының нені қалайтынын зерттедік. Ең алдымен біз қоғамдық кеңістіктерді қай жерге салатынымызды ойластырдық. Дәл қазір сіздермен бірге Мәңгілік ел көшесінде тұрмыз, бұл қала орталығын жағалаумен байланыстыратын артерия, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастырудың ең перспективалы орны.

Біз мұнда жайлы қалалық ортаның барлық заманауи әлемдік үрдістерін жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы көше болады. Онда ойын алаңдары, спорт алаңдары, велосипед жолдары, тамақтану орындары, қызықты сәулеттік шамдар, автоматты суару жүйесі мен көпжылдық гүлдер отырғызылады", - дейді сәулетші Роман Шнайдерман.

Роман Шнайдерман
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоба аясында, аталмыш көшелерде жаяу жүргіншілер аллеясын, балалар ойын және спорт алаңдарын, демалыс және фудкорт аймақтарын салу көзделіп отыр. Мұнда қала тұрғындарының тыныш және белсенді демалысы үшін арнайы орындар жабдықталады.

"Біз көгалдандыруға ерекше мән бердік. Өйткені бұл біздің ойымызша қала үшін жетіспейтін нәрсе. Біз барлық жобаны облыс және қала басшылығымен бірнеше рет талқыладық, түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Біз бұл жобаға көп күш жұмсадық. Барлық жұмысты аяқтағаннан кейін, бұл аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орынына айналатындығына сенемін", - дейді Роман Шнайдерман.

Қоғамдық орындарды жақсарту
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Семейде 10-нан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033752-semei-akimi-belgili-sauletsi-roman-snaiderman-qaladagy-qogamdyq-kenistikterdi-abattandyru-turaly-angimelesti/

pixel