jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстауда жартасқа ойып жазу қалдырған ақтөбелік шенеунік халықтан кешірім сұрады

Манас Көшербаев
Манас Көшербаев. Видеодан кадр: facebook.com/МанасКошербаев

Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалындағы жартасқа қашап жазу қалдырған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев кешірім сұраған видео-үндеу түсіріп, Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Манас Көшербаевтың сөзінше, Ыбықты Сай шатқалы - Маңғыстаудағы ең көрікті жерлердің бірі. Алайда ол видео-үндеуінде шатқалға барар жолдың нашарлығын, бұл жерде қоқыстың көптігін, жартастарда әдепсіз сөздер жазылғанын атап өтті.

"Дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім болды. Аңдаусызда жаза бастым, ағайын. "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қыл да болса қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының алдында, отандастардың алдында басымды иіп кешірім сұраймын", - деді мәдениет үйінің директоры.

Айта кетейк, әлеуметтік желіде Ыбықты Сай шатқалында ер адамның жартасты балтамен ойып, жазба қалдырып жатқаны түсірілген видео тарады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ер адамның Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры екенін растаған болатын.

Маңғыстауда жартасқа ойып жазу қалдырған ақтөбелік шенеунік халықтан кешірім сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.