jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстаудағы жартасқа ойып жазу қалдырған ақтөбелік шенеунік қызметінен кетті

Манас Көшербаев
Манас Көшербаев. Фото: facebook.com/МанасКошербаев

Маңғыстау облысындағы жартасқа қашап жазу қалдырған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаевтың өз еркімен жұмыстан кеткенін қалалық мәдениет басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз оны жұмысқа шақырдық. Ол келіп өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Біз жағдай туралы сөйлестік. Ол азаматтық позициясын көрсетіп, жауапкершілікті толық мойнына алды. Бізден кешірім сұрап, өз еркімен жұмыстан шықты", - деп түсіндірді Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Ыбықты Сай шатқалында ер адамның жартасты балтамен ойып, жазба қалдырып жатқаны түсірілген видео тараған еді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ер адамның Ақтөбе қалалық Зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры екенін растаған болатын.

Жанжалдан кейін ақтөбелік шенеунік әрекетін бейнежазба түсіріп, халықтан кешірім сұраған еді.

Маңғыстаудағы жартасқа ойып жазу қалдырған ақтөбелік шенеунік қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.