Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дүкенде бойжеткеннің кеудесіне қол жүгірткен ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда дүкенде бойжеткеннің кеудесінен ұстаған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 18 тамызда Алматыдағы супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қол жүгірткен ер адам Атырау қаласында ұсталған.

"1988 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушылық әрекеті үшін ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғыны азық-түлік дүкенінде бейтаныс ер адамның әдепсіз әрекетінің құрбаны болғанын айтқан еді.

Бойжеткен полициядан ер адамды жауапкершілікке тартуды сұраған болатын.

Кейін Алматы полицейлері азық-түлік дүкенінде қыздың кеудесінен ұстаған ер адамның жеке басын анықтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034486-almatyda-dukende-qyzdyn-keudesine-qol-zugirtken-er-adam-qamauga-alyndy/

pixel