jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Анасы қонаққа бара жатып көз жазып қалған": БҚО-да түнде жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін аман-есен табылды

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО-ның Жәнібек ауданында анасы қонаққа бара жатып жоғалтып алған бүлдіршін таңға жуық аман-есен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдың мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде Жәнібек аудандық полиция бөліміне 32 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны хабарласып, 3 жасар қызын жоғалтып алғанын айтып, көмек сұраған.

"Ауыл тұрғыны Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатып, жолшыбай мінген автокөліктен қызы екеуі түсіп қалған. Қараңғы түскен уақытта қызымен келе жатып, кенет одан көз жазып қалған. Бойын үрей билеп, бірден жан-жағын қарап, іздей бастаған. Бірақ нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан", - деп жазады басылым.

Басылым ақпаратынша, бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілген.

Іздеу іс-шарасына 200-ден астам полиция қызметкері, шекара, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, әкімдік және жергілікті ауыл тұрғындары, барлық аудан қызметтері ат салысқан.

Басылым жазуынша, бүлдіршін таңғы сағат 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылған.

"Қыз бала аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

"Анасы қонаққа бара жатып көз жазып қалған": БҚО-да түнде жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршін аман-есен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.