jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда қызға қол жүгірткен мопед жүргізушісі қамауға алынды (видео)

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жас қыз полицияға арызданып, өзін мопед мінген бейтаныс адамның қорлағанын айтқан. Ішкі істер министрлігі Telegram арнасында жігіттің ұсталғанын хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 24 тамыз күні Наурызбай аудандық полиция басқармасына 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.

Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда дүкенде бойжеткеннің кеудесінен ұстаған ер адам 5 тәулікке қамауға алынғанын жазған едік.

Алматыда қызға қол жүгірткен мопед жүргізушісі қамауға алынды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.