Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде аспаздар ұзындығы 100 метр салат жасап, әлемдік рекорд орнатты (видео)

Опубликовано:

Өскеменде дайындалған ең ұзын "Капрез" салаты
Өскеменде дайындалған ең ұзын "Капрез" салаты. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Өскеменде Конституция күніне орай аспаздар ұзындығы 100 метрлік моцарелла ірімшігі қосылған әйгілі капрезе салатын дайындап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, облыс орталығындағы мереке "Қарбыз фестивалімен" басталған. Қала мейрамханалары өз тағамдарын алаңға жайып, халық одан дәм татқан.

Өскемендік аспаздар "Шығыс дәмі" фестивалінде жергілікті өнімнен әлемдегі ең ұзын тағамды дайындаған. Капрезе салатын дайындау үшін бір көше толығымен жабылған.

"Бұл идеяны мекемелермен келісе отырып жүзеге асырдық, 100 метрлік моцарелла ірімшігі қосылған капрезе салатын жасағымыз келді. Сол арманымыз орындалды. Қазақстанның рекордтар кітабына кірдік. Салаттың ұзындығы 100 метр 15 сантимер болды. Дайындалуы да, жеп тастағаны да тез болды. Салат жергілікті өнімдерден дайындалды", - дейді сүт өңдеу зауытының өкілі Айдын Сәмекенов.

Тілші ақпаратынша, салатқа 26 келіден астам қызанақ, 50 келіден астам моцарелла ірімшігі, 12 келі май, 10 келіге жуық аскөк пайдаланылған.

"Бұл әлемдік рекорд. Қазір біз Қазақстанның рекордтар кітабына тіркелдік. Айта кетейік, Гиннестің рекордтар кітабына 66 метрлік капрезе салаты енген. Ал біз 100 метр, шын мәнінде 115 метр салат жасадық, ол алдымен Қазақстанның рекордтар кітабына, кейін Гиннестің рекордтар кітабына енеді", - дейді сүт өңдеу зауытының өкілі, шоуды ұйымдастырушы Оксана Жегульская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034609-oskemende-aspazdar-uzyndygy-100-metr-salat-zasap-alemdik-rekord-ornatty-video/

pixel