jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады

Күз
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде қыркүйек айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер күні жоқ. Дегенмен бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі. Бұл ретте KAZ.NUR.KZ тілшісі egov.kz порталына сілтеме жасап, қазақстандықтар күздің алғашқы айында қанша күн демалатынын анықтады.

Қыркүйекте елімізде ешбір мемлекеттік не ұлттық мереке жоқ. Сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл айда 9 күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар қыркүйекте 5 күн демалатын болады.

Дегенмен, қыркүйекте Қазақстанда бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі:

  • Білім күні – 1 қыркүйек;
  • Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі;
  • Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;
  • Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек;
  • Әділет органдары қызметкерлері күні – 30 қыркүйек;
  • Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  • Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі.
Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.