jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Білім күнінде атыраулықтар қоғамдық көлікте тегін қатынайды

Автобус
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау тұрғындары мен оқушылары 1 қыркүйекте қоғамдық көлікпен тегін қатынайды. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, бұл ұсыныс жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар тарапынан қолдау тапқан.

"Оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйек күні Атырау қаласы және қалаға қарасты елдімекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетеуге дайын екенін айтты", - деді қала әкімі.

Шәкір Кейкин мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілейтінін атап өтті.

Білім күнінде атыраулықтар қоғамдық көлікте тегін қатынайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.