Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы жоғалып кеткен қазақстандық аман-есен табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жоғалған азамат
Жоғалған азамат. Фото: ШҚО Полиция департаменті

2022 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны полицияға хабарласып, 45 жастағы ұлымен байланыс үзіліп қалғанын айтқан. Биыл тамыз айында полиция жоғалған ер адамды тапты, деп хабарлайды облыстық ПД қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде анасының арызымен Катонқарағай аудандық полиция бөлімі оның 45 жастағы ұлымен туыстық байланысын жоғалту фактісі бойынша іздестіру ісін бастаған.

Анасы полицияға жүгінген кезде баласының Алматыға жұмысқа кеткенін, ұзақ уақыт бойы хабарсыз кеткенін айтты.

Полиция шығысқазақстандық ер азаматтың тұрып жатқан жерін 2023 жылдың тамыз айында Алматы-Өскемен бағытындағы пойызға билет сатып алған кезде анықтаған.

Ер адамның полицияға берген мәліметінше, былтырдан бері ол оңтүстік астанада тұрып, жұмыс істеген. Ол өзін біреудің іздеп жүргенінен бейхабар екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034685-2022-zyly-zogalyp-ketken-qazaqstandyq-aman-esen-tabyldy/