jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Қазақмыс" Алматы мектептеріне 2000 дана жаңа кітап тапсырды

Қазақмыс Алматы мектептеріне жаңа кітаптарды табыс етті
Фото: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі

«Қазақша үйренейік!» - қазақ тілін үйренуді жеңілдететін оқушыларға арналған кітап. Онда ертегілер мен аңыздар форматында қазақ халқының тарихы мен тұрмысы, түрлі салт-дәстүрлері сипатталған.

Жазудың қарапайымдылығы оқушыларға ақпарат пен баяндау тілін тез және оңай есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұл оқулықтың екінші басылымы. Қосымша даналарға сұраныс «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не Алматы қаласы Білім басқармасынан түсті.

Қазақмыс Алматы мектептеріне жаңа кітаптарды табыс етті
Фото: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі

«Өздеріңіз білетіндей, «Қазақмыс» тобы - мемлекетке көптеген мәселелерде, соның ішінде мәдениет пен білім беруде, өндірістік аймақтарында ғана емес, бүкіл республика бойынша жәрдем көрсететін әлеуметтік бағдарланған компания.

Қазақмыс Алматы мектептеріне жаңа кітаптарды табыс етті
Фото: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі

Сондықтан біз осындай көмек көреткенімізге қуаныштымыз. Бұл кітап қазақ тілін үйреніп жүргендерге де, қазақ тілін енді ғана үйреніп бастағандарға да көп пайда әкеледі деп үміттенеміз», - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қоғамдық байланыстар және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Айдар Баталов.

Қазақмыс Алматы мектептеріне жаңа кітаптарды табыс етті
Фото: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі

«Қазақша үйренейік!» кітабының биыл да екі мың данасы шықты. Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, қаланың барлық мемлекеттік мектебі оқулықтарды 1 қыркүйекке дейін алған.

"Қазақмыс" Алматы мектептеріне 2000 дана жаңа кітап тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.