Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АИТВ жұқтырғандар анықталғаннан кейін алматылық аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нариман Табынбаев
Нариман Табынбаев. Фото: t.me/almaty_akimat

Бұған дейін Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасында азаматтар АИТВ (ВИЧ) жұқтырғаны анықталған болатын. Осыдан кейін аталған аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Нариман Табынбаев 1 тамыздан бастап денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босатылды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Бақылау кеңесі конкурс өткізгенге дейін "Орталық қалалық клиникалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болып Сабыралиев Серікжан Нұржанұлы тағайындалды", - деп жазады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Нариман Табынбаев Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын. Ол бұл лауазымды 2020 жылдан 2022 жылға дейін атқарған еді.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында науқастардан АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастаған еді.

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясын таратқан болуы мүмкін пациент анықталған.

Сондай-ақ Алматыда пациенттің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталған болатын.

Оның қорытындысы бойынша Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетіліп, тағы бірнеше қызметкер қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034957-aitv-zuqtyrgandar-anyqtalgannan-keiin-almatylyq-auruxananyn-bas-darigeri-qyzmetinen-ketti/