Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Серік Күдебаевтың түрмеде отырған фотосы тарады

Опубликовано:

Сотталған басқа жандармен дастархан басында отырған Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: instagram.com/taldykorganec_kolesa

Желіде 10 жылға бас бостандығынан айырылған Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың сотталған өзге адамдармен дастархан басында отырған фотосы тарады. Бұл суретке қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түрмедегі Күдебаевтың фотосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды.

Бұл суретке қатысты пікір білдірген Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып қою фактісі бойынша қызметтік тергеу басталған.

"ІІМ бұйырығымен бекітілген (Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №819 бұйрығы) ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, қылымыстық атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтіп жатқандар жақындарымен кездескенде немесе сәлемдеме түрінде тағамдар алуға қақылы.

Сондай-ақ олардың бос уақытында жасақ үшін арнайын бөлінген бөлмеде тамақтануына құқығы бар. Бұл талап қылымыстық атқару жүйесі мекемелерінің барлық түріне қатысты.

Алдын ала мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру барысында тыйым салынған (алкогольді сусындар) өнімдер табылмаған.

Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы, сонымен қатар бейнебақылау камерасының обьективін жауып қою фактісі бойынша қызметтік тергеу басталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Күдебаев биыл 28 сәуірде Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ол Қылмыстық кодексің 362-бабы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 146-бабы ("Азаптау") бойынша кінәлі деп танылды.

Алайда Күдебаев үкіммен келіспей, 7 маусымда апелляциялық шағым түсірді.

Дегенмен бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035039-zelide-serik-kudebaevtyn-turmede-otyrgan-fotosy-tarady/

pixel