Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ата-аналар мектептегі "алты күндік" оқу аптасына қарсы шықты

Опубликовано:

Мектеп оқушылары
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шахтинск қаласындағы бірнеше ата-ана "алты күндік" оқу аптасына шағымданды. Олар қала орталығына жиналып, қалалық білім бөлімінің басшысымен кездесуді сұраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram-дағы "Вечерняя Караганда" паблигінде жарияланған.

Жиналғандар Шахтинск білім басқармасының басшысы 7-11 сынып оқушылары үшін алты күндік оқу аптасын енгізіп, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына қарсы шығып жатыр деп санайды.

"Балалар бір күн демалады. Олар үйірмелер мен репетиторларын тастап кетуге мәжбүр. Көпшілігінің денсаулығында ақау бар", - деп шағымданды ата-аналар.

Олардың пайымдауынша, балаларға жүктеме айтарлықтай артқан.

Ата-аналар мектептердегі екінші ауысым кеш басталып, сәйкесінше балалар үйге кеш қайтатынын айтты.

Бұл жағдайға қатысты Қарағанды облысының білім басқармасы пікір блдірді.

"Оқу процесін сағат 08:00-де бастайтын мектептердің кестесіне сәйкес, бірінші ауысымдағы сабақ 14:05-те (7 сабақ) аяқталды. Екінші ауысым сағат 14:45-те басталып, 20:50-де (7 сабақ) аяқталды. Өткен оқу жылында екінші ауысым оқушыларының ата-аналар қауымы сабақтың кеш. әсіресе қыс мезгілінде қараңғы кезде бітетініне көңілі толмайтынын білдірді. Осыған байланысты 7, 8 ,9, 10 және 11-сыныптар үшін оқу аптасы алты күнге созылып, күнделікті оқу кестесі 6 сабаққа дейін, ал сенбіде 4 сабаққа дейін қысқарды", - деп жауап берді департаменттегілер.

Сондай-ақ білім басқармасы оқу жүктемесі аптасына 30 сағаттан аспайтын 1-6-сыныптар үшін бұл кесте өзгерістері қолданылмайтынын атап өтті.

Оқу процесі бір ауысымда оқитын мектептерде де бес күндік оқу аптасы сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035088-qaragandy-oblysynda-ata-analar-mekteptegi-alty-kundik-oqu-aptasyna-qarsy-syqty/

pixel