Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық 26 мың доллар алып, шетелге қашып кеткен

Опубликовано:

Доллар
Доллар. Көрнекті фото: freepik.com

Шымкент полицейлері шетелде жеті жылдан астам жасырынып жүрген қазақстандықты ұстады. Ер адам сот алдына келіп, түрмеге қамалды деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

2015 жылдың тамыз айында Сайрам массиві тұрғынының арызы бойынша полицейлер "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Қала тұрғынының айтуынша, оның танысы емдеу мекемелеріне 30 адамды жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Алаяқтықтан хабарсыз және адамдарға жұмысқа орналасуға көмектескісі келген әйел күдікті мен оның құрбандары арасында делдал болған.

Нәтижесінде ер адам 26 400 АҚШ долларын иемденген. Тергеу шаралары барысында күдіктінің сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің ақшасын алып кеткені туралы арызын куәгерлер де растады.

Кейін тағы бір арызданушы полицияға жүгініп, іс "Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бабына қайта сараланды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған ауқымды жұмыстарды жүргізді. Алайда қабылданған шаралар оң нәтиже бермеді.

Өткен жылы бұл істі тергеуді полицей Асылжан Ирисметов қолға алған болатын. Қаратау аудандық полиция бөлімінің тергеушісі жиналған материалдармен танысып, әңгімелесу мен тінту жұмыстарын жалғастырды.

Тәртіп сақшысының табандылығының нәтижесінде халықаралық іздеу шаралары аясында Өзбекстан аумағында 49 жастағы ер адамның қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені анықталды.

Желтоқсан айында Шымкентке жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталысымен қылмыстық істің төрт томдығы сотқа жолданды. Нәтижесінде ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстандағы алаяқтық үшін жаза

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 190-шы бабы бойынша:

  1. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
  2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; 

4) ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен; 

5) мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық

– мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Мынадай: 

1) ірі мөлшерде; 

2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса; 

3) екі немесе одан да көп адамға қатысты; 

4) бірнеше рет жасалған алаяқтық

– мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса; 

2) аса iрi мөлшерде жасалса,

– мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035143-qazaqstandyq-26-myn-dollar-alyp-setelge-qasyp-ketken/

pixel