jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бурабайда жолға шығып кеткен сілеусін видеоға түсіп қалды

Сілеусін
Сілеусін. Көрнекі фото: pixabay.com

Бурабайда Қызыл кітапқа енген сілеусін видеоға түсіп қалды. Сирек кездесетін жануар жолға шыққан, ал орманшы оны камераға түсіріп үлгерген, деп хабарлады "Бурабай" ұлттық паркінің Instagram парақшасында.

Жұмыс күні біткеннен кейін үйіне қайтып келе жатқан "Бурабай" орман шаруашылығының инспекторы Әділхан Шаймерденов Ақылбай орман шаруашылығында сілеусінді кезіктірген.

"Терісінің түсі топырақпен және өсімдіктермен астасып, көзге әрең көрінсе де байқап қалғаныма таңғалдым. Телефонымды қосып үлгердім, ол да бір-екі секундта жалт бұрылып, қалың ағаштың ішіне қарғып кіріп кетті. Керемет жылдам екен", - деді орманшы.

Автордың жазуынша, түсірілген кадрларға қарағанда "Бурабай" ұлттық паркі сілеусіндер үшін өсіп-өнуге ыңғайлы мекен. Ол 2021 жылы бұл маңда бар-жоғы 9 сілеусін болғандығын, ал бүгінде олардың саны 39-ға жеткендігін атап өтті.

Бурабайда жолға шығып кеткен сілеусін видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.