Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамауда отырған Ақтөбе облысының экс-әкімі сот залынан мәлімдеме жасайтынын айтты

Опубликовано:

Ермек Имантаев
Ермек Имантаев және қорғаушысы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе қалалық №2 сотында облыстың бұрынғы әкімі, "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевқа қатысты сот тыңдалымы өтіп жатыр. Экс-шенді соттан істі тергеуге қайта жіберуді сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша қамауда отырған Ермек Имантаев сот отырысы басталғанша БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта үлкен мәлімдеме жасайтынын айтты.

"Мен бүгін мәлімдеме жасағым келді. Қорғаушым сәл кейінге шегеруді жөн көрді. Қылмыстық іске әсер етуі мүмкін. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Мәлімдемені кейінге қалдырамын. Құжаттар әлі толық дайын емес. Бүгін біз істі қайта тергеу туралы өтінішхат жолдаймыз. Қылмыстық процестік кодекстің өрескел бұзылғанын көруге болады. Мені заңсыз қамауға алды. Іс жабылған. Жаңа іс ашып, мені қамауға алып тұр. Мен түрмеде 7 ай заңсыз отырмын. 7 ай бойы жүрекке ота жасатуға мүмкіндік бермеді. Өмірім үшін күрестім. Жүрегім ауырады. Уақытша ұстау орнында жағдай жоқ. Әрі-бері жүру қиын. Үйқамаққа жібермейді. Кейін мәлімдемемді жасаймын", - деді сотталушы.

Ақтөбе облысының экс-әкімі қазір денсаулығы нашарлағанын, изоляторда жағдай жасалмағанын айтты.

Мемлекетке 200 млн теңгеге жуық шығын келтірді деп айыпталған "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевқа қатысты сотта куәгерлер жауабы тыңдалды. Сот ертең сотталушыдан жауап алады.

Сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұған дейін "Ақтөбе" ӘКҚ акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасына абақтыда ота жасалғанын жазған едік.

Еске сала кетейік, Ермек Имантаев 2002 жылдың сәуірінен 2004 жылдың шілдесіне дейін Ақтөбе облысының әкімі болды. Кейін Президент әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты бөлімінде, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды. 2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейін "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бері қамауда отыр. Шенді 8 ақпаны күні Қылмыстық кодекстің 361 бабы 4 бөлігімен күдікке ілікті. Ал 28 сәуір күні іс Қылмыстық кодекстің 189 бабы "Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлiгін иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабына ауыстырылды. Іс бойынша тергеу жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-шендіні қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды, өзінің үлестес адамдарына жер телімін төмен бағаға берді деп айыптады.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035231-qamauda-otyrgan-aqtobe-oblysynyn-eks-akimi-sot-zalynan-malimdeme-zasaitynyn-aitty/

pixel