Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жөніндегі бірыңғай байланыс нөмір іске қосылмақ

Жарияланған күні:

Ана мен бала
Ана мен бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығы пайда болуы мүмкін. Заңға өзгеріс енгізу туралы тиісті қаулының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Құжатқа сәйкес, тегін нөмірлер тізбесіне "111 Аманат" байланыс орталығы қосылады. Бұл телефон нөмірі арқылы азаматтар психологиялық көмек пен азаматтардың заң алдындағы құқығын қорғау туралы мәселелер бойынша кеңес ала алады.

"Жобаның мақсаты – әрбір азаматқа ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың заңды құқығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелердің барлық кешені бойынша бастапқы консультациялар өткізу үшін тегін байланыс қызметін іске қосу", – делінген заң жобасының түсіндірмесінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап еткен болатын.

Сондай-ақ ол психологиялық қолдау қызметінің маңыздылығына да назар аударды.

"Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035352-elimizde-aielder-men-balalardyn-quqygyn-qorgau-zonindegi-biryngai-bailanys-nomir-iske-qosylmaq/