jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Жапырақтар
Жапырақтар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

6 қыркүйекте, сәрсенбі күні Қазақстанның ірі қалаларында күн суытады. Тұман көтеріліп, жаңбыр жаууы ықтимал және ауа температурасы төмендей бастайды деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 6 қыркүйек күні Астанада күндіз көшпелі бұлтты, кей уақыттарда өткелі жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +14...+16 градусты құрайды. Ал түнде тұман көтеріліп, ауа температурасы +5...+7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 5-10 м/с құрайды.

Алматыда бүгін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +23...+25 градусқа жетсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с құрайды.

Шымкент қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.