Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетперде киген белгісіз адамдар": куәгерлер Алматыдағы түнгі атыс туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Терезелі есіктегі оқтың ізі
Терезелі есіктегі оқтың ізі. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Бірнеше күн бұрын Алматыда қаладағы мейрамханалардың бірінің жанында атыс болған еді. Куәгерлердің айтуынша, оқ атқандар ойламаған жерден пайда болған, деп хабарлады КТК арнасында.

Оқыс оқиға қымбат бизнес орталықтың бірінші қабатында орналасқан мейрамхананың жанында болған.

Күзет бастығының сөзінше, мейрамхана залында бір топ адам демалып жатқан. Алғашында ерлер жай әңгімелесіп, астанып отырған. Кейін екеуінің арасында жанжал туындады. Содан соң жанжалдасқандар автотұраққа қарай бет алды.

"Сыртта болды бәрі. Сөз таласы төбелеске ұласты. Сол кезде көшеден бетперде киген бейтаныс адамдар келіп, бір-бірімен жанжалдасып қалғандардың біреуіне оқ атқан, екеуін жараланған", – деді мейрамхана қауіпсіздік қызметінің басшысы Мейіржан Өтепов.

Телеарнада мейрамхана қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, полиция мен жедел жәрдем шақырғанын атап өтті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оларға оқ жарақатын алған науқасты әкелмегеніне біраз уақыт болды. Ал алдыңғы күні бірден екеуі жеткізілген.

"Олардың бірі орташа ауыр дәрежеде келген. Маңдай сүйегінің зақымдануы, маңдай сүйегінің сынуы және жіліншіктің оқ жарақаты. Алғашқы екі күнде ол ота жасатудан бас тартқан болатын. Бүгін келісті. Ертең жоспар бойынша нейрохирургиялық ота жасалады.

Екінші науқас ауыр жағдайда құрсақ қуысына тиген оқ жарақаты, ішіне қан кету, қансырау мен ауырсынудан болатын шок, оң қол буынына тиген оқ жарақаты диагнозымен ауруханаға түсті", – деді №12 орталық қалалық клиникалық аурухана директоры орынбасарының міндетін атқарушы Ғалымжан Прмағанбетов.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматының орталығында түнде болған атыс туралы ақпарат тараған болатын. ІІМ жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Кейін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында қалада түнде болған атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035428-betperde-kigen-belgisiz-adamdar-kuagerler-almatydagy-tungi-atys-turaly-aitty-video/

pixel